Түркістан: Сайлау учаскелерінде интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, патриоттық әндер шырқалды

Dalanews 20 қар. 2022 05:03 232

Түркістан облысының аудан, қалаларында тұрғындар сайлау күні өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда.

Осы орайда, Сарыағаш ауданы Көктерек кентіндегі №16 И.В. Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде орналасқан  №672 сайлау учаскесіне кіреберісте көрме қойылып, сұрақ-жауап түрінде интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, ынталандыру сыйлықтары берілді.

Сонымен қатар концерттік бағдарламалар ұсынылып, караокемен өлең айту ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру таңғы 07:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x