AMANAT партиясының Қоғамдық қабылдаулары халықтың мыңдаған өтінішін қарайды

Dalanews 24 қаз. 2022 06:00 369

Бүгінде AMANAT партиясы жанындағы қоғамдық Қоғамдық қабылдау бөлімдерінің басты бағыты жекелеген азаматтардың өтініштерінде көрсетілген мәселелерді шешуге көмектесу және атқарушы билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылау жасау болып табылады. Бұл ретте AMANAT партиясының Түркістан облыстық филиалы азаматтардың заңды құқықтарына қолдау көрсетіп, атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге белсене араласып келеді.

Бүгінде облыс көлемінде ондаған Қоғамдық қабылдау бөлімдері жұмыс iстейді. Олар партияның рәміздерімен, заңгерлік анықтамалық әдебиеттерімен және компьютерлік техникамен жабдықталған.

Партия филиалдарындағы Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3326 арыз-шағымдар түсіп, оның 2234 жазбаша, 1092 ауызша болған.

Өтініштерде көтерілген мәселелер сана алуан десек болады. Осы ретте қарапайым халықты лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері (9,5 пайыз), жұмысқа орналасу (6,5 пайыз), жер телімін бөлу және тұрғын үймен қамтамасыз ету (10,2 пайыз), білім және денсаулық сақтау мәселелері (6,7 пайыз) және зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеуге (5,3 пайыз) қатысты қадау-қадау мәселелер катты мазалайтынын айта кетуіміз керек.

Мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарына жолданған 2307 өтініштің 1869-на жауап алған. Соның ішінде 1128 (60,3 пайыз) өтініш оңтайлы шешілген.

Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық талап-тілектерін дер кезінде және әділ шешу мақсатында облыстық мәслихаттың депутаттарын және мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен 103 қоғамдық қабылдау өткізіп, 876 азаматтың мәселесін қарастырылған.

Лауазымды тұлғалардың қатысуымен өткен Қоғамдық қабылдауға келіп түскен 622 арыздың 71 пайызы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, жеке және аумақта орын алған өзекті мәселелерді шешу үшін 41 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізген.

Нәтижесінде 243 азаматтың мәселесі қаралып, 173 арыздың 71,2 пайызы оң шешімін табуына себепші болғанымызды мақтанышпен айтуға болады. Облыс тұрғындарының құқықтық білім деңгейін арттыру және тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері облыстық адвокаттар алқасының мүшелері мен әділет департаментінің қызметкерлері филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде тегін заңгерлік кеңес беріліп келеді.


Ал «Тәуелсіз заңгерлер» қоғамдық бірлестігінің заңгерлері меморандумға отырып филиалдың Қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс тұрғындарына күнделікті тегін заңгерлік кеңес беруді жолға қойдық.

Республикалық тізбектік кестесін іске асыру мақсатында аймақтық және аумақтық филиалдардың қоғамдық қабылдау белмелері Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын және мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен «Біріңғай қоғамдық қабылдау күні» өтті. Сол қабылдауда 267 азаматтың талап-тілектері тыңдалып, арыздардың көпшілігі заң аясында шешімін тапқанын айта кетуіміз керек.

Қабылдау кезінде мұндай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрудың маңызы зор. Бұдан басқа «Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды» атты республикалық акцияны іске асыру барысында Түркістан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен аймақтық және аумақтық филиалдардың жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестермен бірлесіп «Ашық есік» күнін өткізді.

Партия филиалдарының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және аудан орталықтарында өткізілген көшпелі ашық қабылдаулар ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды дәстүрге айналдырдық. Қазіргі таңда AMANAT партиясының аймақтық және аумақтық филиалдары атқарушы органдардың басшылары мен облыс тұрғындарының арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарып отыр десек қателеспейміз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x