«Эйр Астана» қысқы кестеге ауысады

Dalanews 30 қаз. 2014 09:17 221

2014 жылдың 26 қазанынан бастап «Эйр Астана» ұшудың қысқы кестесіне ауысты, бұл кесте 2015 жылдың 28 наурызына дейін сақталады.
2014/2015 жылдардың қысқы маусымында «Эйр Астана» әлемнің 18 еліне ұшуды жалғастырады, соның ішінде ТМД аумағындағы алты елге (Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Украина), сондай-ақ Грузияға. Компанияның өзінің рейстері 43 қалаға орындалатын болады, оның ішінде 28 шетелге. 2014 жылдың 15 желтоқсанында Астана-Бангкок-Астана бағыты бойынша қонбай ұшатын жаңа рейс ашылады.
ТМД елдеріне ұшу желісіне 13 пункт кіреді: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Самара, Омбы, Екатеринбург, Новосибирск, Баку, Тбилиси, Бішкек, Ташкент, Киев, Душанбе.
Өткен жазғы маусымда ашылған бағыттар бойынша ұшу жалғастырылады:
Ішкі рейстер ең жоғары сұранысқа ие Қазақстанның 12 қаласына ұшатын бағыттарды қамтиды: Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған.
Алты бағыт бойынша «Эйр Астана» компаниясының маркетингтік рейстері орындалады.
Жалпы алғанда, «Эйр Астана» компаниясының және оның «код-шеринг» бойынша серіктестерінің рейстері 400-ден астам бағыттар бойынша орындалады.
ТМД елдеріне ұшу желісіне 13 пункт кіреді: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Самара, Омбы, Екатеринбург, Новосибирск, Баку, Тбилиси, Бішкек, Ташкент, Киев, Душанбе.

«Эйр Астана» компаниясы Бангкок, Хошимин, Куала-Лумпур сияқты дәстүрлі танымал туристік бағыттар бойынша ұшуды жалғастыратын болады.
«Эйр Астана» орындайтын Алматы-Дели бағыты бойынша Air India әуе компаниясымен код-шеринг келісімі маусымның жаңалығы болып табылады. Осы ынтымақтастық көмегімен жолаушылар Алматы әуежайынан орындалатын күнделікті рейстермен ұша алады. Сондай-ақ, компаниялар SPA (Арнайы Прорейт Келісімі) келісіміне қол қойды, бұл келісім «Эйр Астана» әуе компаниясының жолаушыларына Дели арқылы Air India әуе компаниясының ішкі және жеті халықаралық бағыттары бойынша ұшуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар келесі компаниялармен код-шеринг келісімдері бар: Asiana Airlines, Austrian Airlines, Etihad Airways, Turkish Airlines. Серіктестермен жаңа код-шеринг келісімдерін жасау туралы келіссөздер жүргізілуде.
Қазіргі кезде 96 интерлайн және 39 арнайы прорейт келісімдері жасалды.

«Эйр Астана» АҚ қоғаммен
байланыс департаменті


Ұсынылған
ЖҮРГЕНОВ ЖОЛЫ
ЖҮРГЕНОВ ЖОЛЫ 27 қаз. 2014 08:59
МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ
МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ 06 қар. 2014 00:46
Соңғы жаңалықтар
x