"Медиа дамыту қоры" отандық журналистикамен байланысты маңызды жобаны жүзеге асыруда

Dalanews 01 қар. 2022 08:42 414

“Медиа Дамыту Қоры” Корпоративтік қоры Юнесконың Алматыдағы Бюросымен бірлесе отырып “Қазақстандағы БАҚ дамуының өлшемдері” деп аталатын жобаны жүзеге асырып жатыр.

Бірлескен жоба аясында отандық медиа саласындағы ғалымдар еліміздегі БАҚ саласының дамуына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

Жоба аясында Юнеско ұйымы отандық ғалымдарға методологиялық жағынан көмек берді. Ал, “Медиа Дамыту Қоры” Корпоративтік қоры жобаны үйлестіруге ат салысты.

“Ғалымдар 2021-жылы отындық БАҚ саласында болған өзгерістерге, тенденцияларға терең сипаттама беруге тырысты. Және жоба аясында саланы дамыту мақсатында кешенді ұсыныстар легі дайындалды,”- дейді “Медиа Дамыту Қоры” Корпоративтік қоры бас директорының кеңесшісі Жайнагүл Төлеміс.



 

“Қазақстандағы БАҚ дамуының өлшемдері” деп аталатын жоба бес бағытты қамтиды.

  • Бірінші бағыт еліміздегі медиа жүйесін реттеу, заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру тақырыптарын қамтиды.

  • Екінші бағыт ақпарат құралдарындағы плюрализмді қалыптастыру, әртүрлі топтардың мүддесінің ескерілуі мәселесін, ақпарат құралдарының әртүрлілігі, экономикалық жағдайы, меншік мәселелері қарастырылады.

  • Үшінші бағытта еліміздегі түрлі этникалық топтарға тиесілі БАҚтардың жұмысы зерделенеді. Оған қоса журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтеріледі.

  • Төртінші бөлім сала мамандарының кәсіби әлеуетін көтеру, оқыту, біліктілікті арттыру мәселелерін қамтиды.

  • Бесінші бөлімде елдегі медиа саласындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері қамтылған.


Осы жоба аясында “Медиа Дамыту Қоры” Корпоративтік қоры мен Юнесконың Алматыдағы Бюросы бірлесіп үш мәрте көпжақты консультативтік кеңес отырысын өткізді. Ашық талқылауларға сексенге жуық сала маманы қатысып, өз пікірлерін, ұсыныстарын  ортаға салған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x