Тоқаев кредит тұзағына түскен азаматтарға қатысты арнайы ұсыныс жариялайды

Dalanews 20 қаз. 2022 09:53 246

Мемлекет басшысы Жетісу облысы жұртшылығымен кездесу барысында мемлкеттік қызметшілердің әділ болуы керек екеніне айрықша тоқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

«Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз «Әділ істің – бәрі игі» деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс.

Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз, - деп атап өтті қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ бүгінде еліміз үшін күрделі мәселеге айналған азаматтардың несие алып, қарызға батып жүргені жайында пікір білдірді.


«Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», - деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x