«Қазақ қонақжай болмаған». Ол орыстың қазаққа таңған дүниесі

Dalanews 30 қыр. 2022 08:46 155

Кеңес заманында қазаққа таңған бір қасиет бар. Ол – қазақ қонақжай деген сөз. Шындығында қазақ қонақжай болмаған.

Егер әлдеқандай құдіретпен Абылайханның заманына топ ете қалып, «қазақ қонақжай ма?» деп сұрасаң ата-бабаларымыз кеңкілдеп күлуі мүмкін.

Жыл он екі ай малдың соңында көшіп-қонып жүрген жұрттың қонақтап жүретін мүмкіндігі болмаған ғой.

Қонақжай болғанымыз бертінде ғана. Бүгінде балалардың сабағы біткен соң, атасы мен апасына, нағашы жұртына аттандырамыз.

Ал баяғы заманда бабаларымыз алыстағы нағашыларын өзінің өмірінде екі-үш рет қана көрген ғой. Кейбіреуі тіпті нағашыларының түрін де көрмей, дүниеден өтіп кеткен болуы мүмкін.


Егер қазақ қонақжай болсақ, сол кезде жиендер жыл сайын жылтыңдап нағашыларына барушы еді. Бармаған ғой.

Сондықтан болса керек, нағашы жұрты жиені келгенде Құдайы қонақ келгендей күтіп, барлық еркелігін көтерген. Егер жиен жыл сайын нағашыларына қонаққа барса, қазақта жиендерге қатысты мұндай құрмет қалыптаспаған болар еді.

Солай ағайын. Қазақ қонақжай халық деп орыстарды бауырға басып жатқандар Кеңестің жүйенің идеологиясымен ми уланғандар. Естеріңізден шығармаңыздар, қазақ ешқашан қонақжай, дарақы болмаған.

Нұрлан Жұмахан 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x