Жас жігіт әскери комиссариат қызметкерін атып тастады (видео)

Dalanews 26 қыр. 2022 07:12 260

Ресейдің Иркутск облысына қарасты Усть-Илимск қаласындағы әскери комисариатта жантүршігерлік оқиға орын алды. 25 жасар жергілікті тұрғыны Әскерге шақырту комиссиясының басшысын оқ атып, жаралады. Ол қазір ауыр халде ауруханада жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жас жігіттің әскери комиссараттың қызметкеріне оқ атқан видеосы Тайга.Info каналында жарияланды. Оқ тақан сәтте ғимаратта отырған өзге адамдар жаппай сыртқа қаша жөнеледі.

Телегарм каналдардың хабарлауынша оқ тиген Әскерге шақырту комиссиясының басшысы Александр Елисеев ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Оқиға куәгерлері әскери комиссаратта метал бұйымдардың тексеретін құрылғының болмағанын, жас жігіт қолдан жасалған шолақ мылтықты ішке  жасырып кіргенін айтты.

[video width="480" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/09/2022-09-26-12.16.01.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x