Қаңтар оқиғасында көз жанарынан айырылған азамат кінәсіз деп танылды

Dalanews 21 қыр. 2022 04:19 238

37 жастағы Ермек Әбдірешов Қаңтар оқиғасынан кезінде көз жанарынан айырылған. Алматы прокуратурасы митингке қатысқан Ермек Әбдірешовке қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Бұл туралы Qantar қоры Instagram парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, 37 жастағы Ермек Әбдірешов қаңтар оқиғасынан кейін соқыр боп қалған болатын. Бір көзі митингтің қызып тұрған шағында бетіне резеңке оқ тиіп, көзін зақымдаған. Екінші көзі тергеу изоляторындағы азаптаудан кейін көрмей қалған.

5 қаңтар күні Ермек Алматы қаласындағы Республика алаңында өткен бейбіт митингке шыққан болатын. Сол кезде құқық қорғаушылар демонстранттарға қарсы жарық шуылы бар гранаталар жарып, травматикалық тапаншалармен  оқ жаудырған-ды. Сол кезде Ермек жараланып, жансақтау бөліміне түседі.

Арада төрт күн өткеннен кейін оны форма киген адамдар келіп, ауруханадан алып кетеді. Олар оны тергеу изоляторына апарып, тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін айыптаған.


Қордың хабарлауынша, жігіттің отбасы оның тергеу изоляторында отырғанын тек 19 қаңтарда ғана білген. Туыстары шу көтеріп, Ермекті тергеу изоляторынан алып шығады. Кейін Алматы тұрғыны іс бойынша жәбірленуші болып танылды.

Ермек Әбдірешовке қатысты QANTAR қорының адвокаттары көптеген заң бұзушылықты анықтаған. Мысалы, соқыр адамнан заңды өкілсіз жауап алынған. Сондай-ақ, оқи алмайтын біле тұра, жауап алу хаттамасына қол қоюға мәжбүрлеген.

Айыптауды алып тастау – әлі күрестің басы ғана. Алда әлі жұмыс көп. Ермекті азаптаған полицей әлі күнге бостандықта. Ол іс бойынша куәгер ретінде өтеді. Құқық қорғаушылар оның қатысуымен азаптаудың 13 эпизодын анықтады. Полицейді зардап шеккендер мен куәгерлер таныды, –делінген QANTAR қоры таратқан мәліметте.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x