Президенттік мерзімді қысқарту арқылы Тоқаев жеке басқа табынуды тоқтатпақ - сарапшы

Dalanews 02 қыр. 2022 14:36 180

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына Жолдауында биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.

"Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.  Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік.

Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Осы ретте Dalanews.kz қоғам белсендісі  Әділ Сайлаубекпен пікірлескен болатын.

«Президент өзінің Жолдауында өкілеттігін тоқтатып, келесі сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Ерекшелігі 7 жылдық бір мерзімге сайлануы. Бұл супер президенттіктен, қазіргі демократияландырған кезеңге көшудің бір белгісі деп ойлаймын. Алдағы уақыттағы  кезектен тыс президент сайлауы әділ өтеді деген сенімдемін», – деді Әділ мырза.

Қасым-Жомарт Кемелұлының 7 жылдық бір мерзімге президенттердің сайлануын бұл болашақ Мемлекет басшыларына жасаған қадамы деп санайды саясаттанушы Самат Нұртаза.

«Тоқаев өздеріңіз білесіздер ұзақ отырған адамдармен бірге жұмыс істеді ғой. Сондықтанда 7 жыл бір адамға реформаны жасауға жеткілікті деген философиясы болуы мүмкін. Және  тоталитаризм, диктатура, жеке басқа табыну болып кетпесі үшін жасалған қадамның бірі де болуы ықтимал. Демек, қазіргі мемлекет басшысынан кейін келетін президенттер де ұзақ билікте отыра алмай, демократиялық жүйе қалыптасатын болады», – деді Самат мырза.


Сондай-ақ саясаттанушы бұл Мемлекет басшысының ел үшін жасаған құрбандығы деп түсіндіріп, кезектен тыс сайлау қаншалықты маңызды деген сауалға былайша жауап қатты.

«Қазір билікте Сенатта, Мәжілісте, басқа басшылық ішінде әлі күнге дейін ескі Қазақстанның адамдары бар екенін бәріміз білеміз. Енді сол ескі кадрлардың орнына жаңа адамдардың келуі, әрі өзінің билігін легитимді ету үшін, бір серпіліс керек болды. Сол үшін президент ел үшін  өзінің 2 жылын құрбандыққа шалып, қысқартып отыр. 2024 жылға дейін отыра берсе, ешкім кет демес еді. Толық отыруға құқығы бар» деді Самат Нұртаза.

Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткен кезде, көз жасын тия алмай, қимай қоштасқан «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мырза Президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болатынын мәлім етті.  Кім біледі. Әліптің артын бағайық.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x