Түркістан облысында ірі дала өрті сөндірілді

Dalanews 04 қыр. 2022 15:49 123

Түркістан мемлекеттік өңірлік "Түркістан-Сырдария" табиғи паркі филиалының аумағында өрт тұтанып, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінің арқасында тілсіз жауға тосқауыл қойылды.  

3 қыркүйек күні сағат 13.40 шамасында 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұталар өртенген. Отпен күресте күрделі метеожағдайлар болып, жылдамдығы 25 м/с-тан асатын қатты жел отты үлкен аумаққа тез жайды.

Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 21.40-та сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.



Қазіргі уақытта облыстағы өрт шығу қаупі бар аймақтарда Түркістан мемлекеттік өңірлік "Түркістан-Сырдария" табиғи паркінің 35 жұмыскері мен 4 бірлік техникасынан кезекшілік ұйымдастырылды.

Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x