Шымкентте Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

Dalanews 24 там. 2022 11:04 175

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында, Тәртіптік практиканы талдау қорытындылары бойынша Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Тәртіптік комиссия төрағасының есебі тыңдалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Кеңестің отырысында Шымкент қаласының туризм басқармасы және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшыларының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша жұмысының қорытынды есептері тыңдалды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге қатысты үш тәртіптік істер қаралды.

Кеңес отырысында, баяндама жасаған мемлекеттік қызметшілердің пікірлері мен Кеңестің ереже талаптары ескеріліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x