Мақсат Толықбай «Хабар» арнасында жаңа ток-шоу жүргізеді

Dalanews 23 там. 2022 11:29 215

Танымал тележурналист Мақсат Толықбай "Хабар" телеарнасының эфирінде жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу жүргізеді.

"Біздің мақсат" деп аталатын бағдарлама - қорытынды жаңалықтардың түбегейлі жаңа, авторлық форматы.

Мақсат Толықбай көрерменге қазақ телевизиясының ауқымды аудиториясына кеңінен танымал болған көптеген қызықты жобаларымен таныс.

"Біздің мақсат" ақпараттық-сараптамалық ток-шоуында жүргізуші еліміздегі барлық маңызды уақиғалар мен жаңалықтарды халыққа қарапайым тілмен түсіндіретін болады.


Жоба авторларының айтуынша, «Біздің мақсат» әрбір қазақстандықты толғандырған мәселені талқылайтын сұранысқа ие алаң болмақ. Студияға келетін беделді сарапшылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер өзекті оқиғаларға өздерінің кәсіби бағасын береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x