Халық үшін аса маңызды нысандар жекенің қолына берілмейді – Нәлібаев

Dalanews 03 там. 2022 12:56 270

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық үшін аса маңызды нысандар жекешелендірілмейтінін баса айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта қаралды.

Қызылорда облысында жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес бәсекелестік ортаға беруге жататын 13 нысан енгізілген. Өткен жылы сауда-саттыққа 9 объект көзделіп, 3 нысан сатылды.

Комиссия отырысының қорытындысымен Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулер қаралып, аймақтағы 4 нысанды жекешелендіру тізбесінен алып тастау мақұлданды.

– «Қызылорда Су жүйесі», «Қызылорда жылуэлектрорталығы», «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» секілді маңызды нысандар жекешелендірілмейді.


"Бұл нысандар мемлекеттік меншікте болуы керек. Мәдени нысандар мен демалыс паркі де мемлекеттің меншігінде болады. Сондықтан бұл бағытта халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", – деді Н.Нәлібаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x