Орыстар түгін қалдырмай "тонаған" Сбербанкті Бәйтерек қайтпекші?

Dalanews 03 там. 2022 11:46 338

"Бәйтерек" холдингі бос, проблемалық кредиттері бар банкті не істемек?

Кеше шыққан банк секторының статистикасы қайран қалдырды. Өткен айда Сбербанктің меншікті капиталы 268 миллиард теңгені құраған еді. Енді сол капитал минус 10 миллиардқа құлдырап кеткен.

Бір айда 279 миллиард теңге қайда жоғалып кетті? Бұл сома қозғалысы банктің кірістер мен шығыстар балансында көрінбегендіктен, ресейліктер дивиденд ретінде өзіне аударып алды деп санауға толық негіз бар.

Бұл нені білдіреді? "Бәйтерек" холдингі бос банкті алуға дайын ба әлде олар алмайтын болғандықтан ресейлік акционері болып табылатын Сбер осындай қадамға барып отыр ма?


Қалай болғанда да, осы шілдеден бастап Сбербанк пруденциалды нормаларды орындап отырған жоқ. Және ҚНРДА үшін Сбербанк лицензиясын тартып алуға барлық мүмкіндік бар.

Ресейліктер тарапынан біртүрлі махинациялардың барлығы Сбербанкті жақсы деңгейге көтерген басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев кеткеннен кейін басталды. Бұрын Теңізбаев Сберге бағынса да, ресейліктердің "беспредел" жасауына жол бермейтін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x