«Бірде-бір HIMARS бүлінген жоқ!». Шойгу өтірік айтуын қашан қояды?

Dalanews 03 там. 2022 09:40 233

Бүгінде украин сарбаздары Америкадан әкелінген HIMARS қаруын тиімді пайдаланып, майдан шебіндегі орыс оккупанттарының оқ-дәрі қоймаларын көздеп атып, талқанын шығарып жатқаны белгілі.

Укриана жеріне HIMARS қаруы келгелі бері орыстарда «HIMARS-ті атып құрттық» деп хабар таратудан жалығар емес.

Күні кеше ғана Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу селекторлық мәжілісте алты HIMARS пен оның 200 ракетасын жоқ қылғанын айтып, сүйінші сұрағандай болды.

Соғыс басталғалы бері АҚШ-тың Украианаға жеткізген HIMARS-інің саны онға жетпейтіні баршаға мәлім. Ал орыстардың «атып, жойып жібердік» деген HIMARS-інің санынан жұрт жаңылыса бастады.

Қазіргі таңда Ресейдің Қорғаныс министрлігі дұрыстап ұрыс жүргізуден гөрі дизинформация таратудан алдына қара салдырмай тұр.


Сергей Шойгу «алты HIMARS-ті жойып жібердік» деп хабар таратқаннан кейін Пентагонның өкілі Тодд Брессейл Шойгудың беті бүлк етпестен өтірік айтқанын мәлімдеді.

Ал Украина Қарулы күштерінің «Оңтүстік» қолбасшылығының басшысы Андрей Ковальчук украин сарбаздары бірде-бір HIMARS жоғалтпағанын алға тартып, Шойгудың сөзін жоққа шығарды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x