Көшеде көкпар тарту – ұлттық дәстүрді дәріптеу емес

Dalanews 26 шіл. 2022 03:37 258

Алматы облысында көшеде көкпар тартқандар жергілікті тұрғындардың ашуын келтірді. Бұл жолы ұлттық ойын Талғар көшелерінде өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы іргесіндегі шағын қала тұрғындары көкпаршылардың бұл әрекетіне наразылық танытуда.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, олар Талғар қаласының көлік көп жүретін көшелерінде атты адамдар көкпар тартысқан. Оларды көліктің көптігі де назар аудармаған.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар мен жергілікті тұрғындардың наразылығы әлеуметтік желіде жарияланды.



–Әдетте, елді мекендерде көкпар ойнауды көпшілік айыптайды, бірақ көтермелейтіндер де табылады. Бұл жерде патриотизм, ұлттық дәстүрлерге деген құрмет пен қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік аражігін ажырату керек. Сондықтан жылдан-жылға осындай ойындарды тарихи қалыптасқан егістіктерде өткізуге шақырамыз, – делінген жазба сипаттамасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x