Пластик бөтелкелерді сырт елдерге экспорттауға мороторий жарияланды. Кәсіпкерлер бұған қарсы

Dalanews 28 шіл. 2022 10:51 288

Бүгінде қайда барсаңыз алдыңыздан бос пластик бөтелке «мен мұндалап» алдыңыздан шығады. Пластик қалдықтарды жинап, өңдемесе олар қоршаған ортаны ластап, мыңдаған жыл бойы жата беретіні белгілі. Сондықтан пластик қалдықтар қазір дүниежүзі елдерінің бас ауруына айналып отырғаны жасырын емес. Еліміздегі ірі қалаларда пластик бөтелкелерді сұрыптап, жинап сырт елдерге ресурс ретінде саудалайтын мекемелер бар. Енді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі 2 литрге дейінгі пластик бөтелкелерді сырт елдерге экспорттауға 6 айға мороторий жариялады. Бұған пластик бөтелкелерді жинап, сұрыптайтын кәсіпкерлер қарсы.

Бүгінде еліміздегі тұрмыстық қалдықтарды реттеу ісімен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі айналысады. Әлдекімдер тұрмыстық қалдықтармен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айналысады деп ойлап қалуы мүмкін. Өз кезегінде эколог мамандар пластик бөтелкелерді сырт елдерге экспорттауға уақытша морторий жариялған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігінен тұрмыстық қалдықтарды реттеу ісін құзіретін алып, басқа ведмостваға беру керек екенін айтуда.

Енді негізгі мәселеге көшсек. Қазір еліміздегі пластик бөтелкелерді жинау, сұрыптау және өңдеу саласының майында жыл сайын 180-250 млрд теңге айналады екен. Шашылып жататын пластик бөтелкелердің айналасында ешкім мұншама қомақты қаржы айналады деп ойламауы мүмкін. Айтпақшы, 1 келі пластик бөтелкенің нарықтағы бағасы 200-400 теңге құрайды екен. Ал еліміздегі пластик бұйымдардың өңдеумен айналыстаны кәсіпорындары жыл сайын 60 мың тонна тұрмыстық қалдықты өңдейтін мүмкіндікке ие.

Жақында осы пластик бөтелкелерді өңдеу ісімен айналысатын кәсіпорындар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігіне өздерінің шикізат тапшылығын сезінгендерін айтып, шағымданыпты. Өйткені еліміздегі пластик бөтелкелерді жинап, сұрыптау ісімен айналысатын шағын кәсіпкерлер тұрмыстық қалдықтарды отандық кәсіпорындарға өткізгенше, қымбат бағаға сырт елдерге жібергенді жөн көретін болса керек.

Өз кезегінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі нарықтаға жағдайға талдау жасап, 2 литер және одан да көлемдік пластик бөтелкелерді сырт елдерге экспорттауға 6 айға марторий жариялаған.  


Министрліктің бұл қадамы тұрмыстық қалдықтарды жинап, сұрыптап келген шағын кәсіпкерлерге ұнай қоймағаны белгілі. Министрлік өкілдері болса, уақытша мораторий тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындардың жұмысына серіпін беріп, елімізде жаңа жұмыс орындарын құрып, мемлекет қазынасына біршама салық түсетінін айтуда.

Ал уақытша мараторийге наразы топ министрлік ірі кәсіпоырндардың мүддесін қолдап отырғанын айтып, айыптады. Олар уақытша шектеуді дереу тоқтатпаса тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау ісімен айналысатын шағын кәсіпкерлер банкротқа ұшырап, мыңдаған адам жұмыссыз қалатынын жеткізді.

Сондай-ақ олар еліміздегі тұрмыстық қалдықтарды өңдеу ісімен айналысатын кәсіпорындар еліміз бойынша жиналатын пластик бөтелкелерді толықтай өңдеуге өндірістік қуаты жетпейтінін де тілге тиек етті. Бағамдап қарасаңыз, наразы топтың да уәжіне құлақ асуға болады.

Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар еліміздің барлық облысында жоқ. Шекара маңындағы тұрмыстық қалдықтарды жинайтын шағын кәсіпкерлер үшін жинаған тұрмыстық қалдықтарын мыңдаған шақырым қашықта жатқан өңдеуші кәсіпорынған тасымалдағанша іргедегі көрші елдергі саудалаған тиімді. Өйткені, мыңдаған шақырым жол жүргенде түскен табыс көлік шығынын ақтамайтыны анық. Осы ретте моротрийға қарсы шығушыларды да түсінуге болатындай...


Соынмен қатар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, жинаумен айналысатын кәсіпкерлер бұл салада жұмыс күшін табу өте қиын екенін де алға тартуда. Расымен де дәл қазір Қазақстанда ешкімнің тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау ісімен айналысқысы келмейді. Егер морторий созылатын болса, шағын кәсіпкерлер банкротқа ұшырап, жұмысшыларынан айырылуы мүмкін. Ал бұдан кейін жүйелі істі қайта ұйымдастыру қиын болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан бұл мәселеде он рет ойланып, тоғыз рет толғанып барып шешім қабылдаудың маңызы зор екенін байқайсың.

Айтпақшы, 2019 жылы елімізде картон қағаз қалдықтарын сырт елдерге экспорттауға шектеу қойылып, оның соңы да үлкен дауға ұласқаны есімізде. Пластик бөтелкелер экспортын шектеу ісі қағаз-картонның жолын қумаса екен дейміз. Өзіміздің тұрмыстық қалдықтардың өз жерімізде өңделгені жақсы. Бірақ бұл шаруада қос тараптың да жаппа шекпеуіне баса мән берген жөн.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x