Financer.com: кәсіби мамандарға сеніңіз

Dalanews 25 шіл. 2022 10:27 196

Еліміздегі қаржылық қызмет нарығында уақытша қаржылық қиындықтарды еңсеруге әрі шешуге арналған құралдардың кең таңдауы бар. Мәселен, халық арасында танымал тұтынушылық несиелерін алу үшін шығыс мақсатын көрсетпей-ақ алса болады. Бұдан бөлек басқа да түрлі ұсыныстарды сараптап, несиенің ең тиімді шарттарын қалай таңдауға болатынын білгіңіз келсе Financer.com тегін қызметіне жүгінуге болады.

Тұтынушылық несие кепілсіз және 6 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде көптеген банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтініш беру үшін сізге тұрақты ресми кіріс, жақсы несие тарихы, зейнетақы жарналары және төмен несиелік жүктеме қажет. Сондай-ақ ҚР азаматтығымен қоса 21 жастан 65 жасқа дейін (кейбір жағдайларда 24 жастан) болуы басты шарт екенін ұмытпау керек.

Дегенмен, әрбір несие «жылдам» ақша ғана емес, сонымен қатар ең алдымен, сіздің қаржылық міндеттемелеріңіз екенін түсіну маңызды. Сондықтан несиелік келісім-шарт жасасқанда қолыңызға түсетін сомаға, мерзіміне, комиссиялық сыйақыларына, айыппұлдарға, несиені мерзімінен бұрын өтеу немесе ұзарту мүмкіндігіне назар аударыңыз.

Кейбір несиелік мекемелер тұтынушылық несиені беру кезінде қосымша төлемдерді талап етпейді, бірақ көп жағдайда несиелік келісім-шартты жасауға және ай сайынғы қызмет көрсету үшін комиссия, сондай-ақ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін алынатын комиссиялық төлем сіз үшін жағымсыз тосынсый болуы мүмкін.

Несие шартында жазылған терминологиялық шарттар да көбіне адамдарды шатастырады. Сондықтан бұндай «несие тілі» сізге түсініксіз болса, кәсіби мамандарға жүгінген жөн. Дегенмен, несиелік қызметтің тиімді жақтарын тауып беріп, жұмысыңызды жеңілдеткенмен, қызмет ақысын төлеу қажет болады.


Ал Financer.com – бұл тегін қызмет ұсынатын портал. Онда тұтынушылық несиелер және олардың баламалары туралы барлық ақпараттарды таба аласыз. Одан бөлек несие түрлерінің айырмашылығы да егжей-тегжейлі көрсетіліп, несие шарттарын салыстыруға, компаниялар қызметтерімен танысуға, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалауға, сондай-ақ өзге тұтынушылардың пікірлерін оқып, өзіңізде пікір қалдыра аласыз.

Порталдан өзіңізге қолайлы несие ұсынысын таңдау үшін жүгіртпе жолдан (слайдер) қажетті соманы көрсетсеңіз болғаны, тариф пен мерзім бойынша сұрыпталған барлық тиімді нұсқауларды көре аласыз. Ал әрбір банк пен микроқаржылық компанияның жалпы рейтингінде қарыз алушының ең төменгі жасы, несиелік қызметтің болуы немесе болмауы, сондай-ақ нашар несие тарихы бар не болмаса несие алу мүмкіндігі туралы деректер де көрсетіледі.

Financer.com қандай да бір несие берушіні ілгерілетуді көздемейді. Ол Қазақстанның қаржылық қызметтер нарығы туралы өзекті ақпараттың абсолютті тәуелсіз көзі болып табылады. Мұнда бүгінге дейін 60-тан астам қазақстандық ұйымның несие беру шарттары туралы салыстырмалы деректер топтастырылған.

– Financer.com – біздің пайдаланушылар үшін тегін қызмет, несиелік ұсыныстарды салыстыру сайты. Біз, сайттағы компаниялар туралы ақпарат әрқашан өзекті болуы үшін жұмыс істеміз. Сіз несиелердің мөлшерлемелері мен сомалары және мерзімдері бойынша салыстыра аласыз. Сонымен қатар компаниялардың жұмысы туралы пікір қалдырып, Қазақстанның қандай да бір МҚҰ қызметтері туралы нақты адамдардың пікірлерімен таныса аласыз, – дейді Financer.com порталының кредиттеу және жеке қаржы саласындағы сарапшысы Евгения Николаевская.


Кез келген несие беру объективті күмәнмен және қиындықтарымен бірге жүреді. Әртүрлі нұсқаларды сараптап, тиімді пайыздық ұсыныстарды жоғалтып алмау үшін Financer.com мамандарына сенім артыңыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x