Cоңғы жаңалықтар
Back

Тараз қаласы әкімдігі бір көшені «Мұзарт» атымен атамақ

Алдағы уақытта Тараз қаласында көптеген көше атаулары өзгереді. Аталмыш шаһардағы жаңа көшелердің тізіміне “Мұзарт” атауы да лайық деп танылған, деп хабарлайды Экспресс К желідегі Ашық үкімет ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаладағы көшелерге қазақша атау беру туралы идея әр азаматтың ой-пікірін ескеріп, көпшіліктің ұсынысымен жүзеге асқан.

Өзгеретін көше атауларының тізімінде көптеген танымал тұлғалар бар. Мәселен, Құдайберген Сұлтанбаев, Құман Тастанбеков, Батырхан Шүкенов және бұл қатарға “Мұзарт” атауын да қосыпты.

Осы орайда Экспресс К тілшісі “Музарт” тобының әншілеріне хабарласып, аталған ақпаратқа қатысты пікірін білді.

– Мен бұл жаңалықтан бейхабар екенмін. Негізі қызық екен. Бірақ “Дос-Мұқасан” ансамблі, “Тараз” триосы тұрғанда бізге әлі ерте шығар деп ойлаймын. Адам емес тарих сөйлейді ғой, тарих бағасын береді. Лайық па, лайық емеспіз бе, оны да білмейміз. Кезінде “диссертацияны “Музарт” тобы туралы жаз” деген кезде бас тартқан болатынмын. Біз әлі оған жеткен жоқпыз деп. Сол сияқты көше атауын беру, ескерткіш қою деген ерте сияқты. Кейін 100 жылдан соң жақсы жақтарымыз болса есіне алып, ескеріп жатса ренжімейміз. Қазір соншалықты елге еңбегімізді сіңіре қойдық деп ойламаймын, – дейді “Музарт” тобының солисі Сәкен Майғазиев.

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Тағы оқыңыз:

Түркістан облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Тоқаев кіші қажылығын өтеді

Орыс көп облыстарда ажырасу 50%, қазақы аймақтарда 30%-ға жеткен – журналист