Соғыстан соң ЛНР мен ДНР-ді қалпына келтіріп, Қырымға көмектесеміз – Лукашенко

Dalanews 22 шіл. 2022 13:00 231

Александр Лукашенко «Франс пресс» агенттігіне берген сұхбатында Украина жеріндегі ЛНР, ДНР және Қырымға қатысты тағы да пікір білдірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Франс пресс» агенттігінің тілшісіне жауап берген Александр Лукашенко Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатқандарына қарамастан ЛНР, ДНР және Қырымды Беларус мемлекеті ресми түрде әлі де мойындамағанын айта келе, дәл қазір мұндай мойындаудың мәні жоқ екенін айтыпты.

– Дәл қазір Беларустың ЛНР, ДНР және Қырым ресми түрде мойындағанмен ештеңе өзгермейді. Егер аталған аймақтарды қалыпқа келтіру үшін азық-түлік, кірпіш, цемент қажет болса, біз қолдан келген көмегімізді көрсетеміз. Егер бар мәселе біздің мойындаумызға тіреліп тұрса, біз мойындаймыз. Бірақ бұдан дәл қазір ешқандай мән-мағына көріп тұрғаным жоқ. Ең бастысы біздер аталаған аймақпен байланыс орнаттық, – деп Лукашенко,


Өз кезегінде Лукашенко Беларус пен аталған аумақтардағы байланысын Батыс елдері мен Украинаның арасындағы байланыспен салыстырыпты. Батыс елдері Украинада соғыс аяқталғаннан кейін соғыстан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге көмектесетінін айтқан еді. Лукашенко да сол сияқты соғыс аяқталғаннан кейін Беларусия ЛНР мен ДНР-дің қалпына келтіру жұмыстарына қатысатындарын ашық айтыпты.

– Батыс елдері Украина бөлшектеп, соғыстан кейін қалпына келтіруге қол ұшын созатынын айтты ғой. Біздер де соғыстан кейін Луганск мен Донбасты қалпына келтіріп, Қырымға көмектесеміз. Өйткені біздер аталған аймақпен байланыс орнаттық, мұнымызды жасырған емеспіз. Бүгінде біздер Луганск мен Донбасты, Қырымды де-факты мойындап отырмыз. Егер аталған аймақтарды Президенттің бұйрығымен мойныдау керек болса, мен оны да істеймін! – деп Лукашенко «Франс пресс» агенттігінің жуарналистіне айтып тастапты.

Қазіргі таңда ЛНР мен ДНР-ді Ресей, Сирия мен Солтүстік Кореядан басқа бірде-бір ел жеке-дара мемлекет ретінде мойындаған емес.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x