«Ата-ана үшін тиімді». Аймағамбетов әр өңірдің мектеп формасы болатынын айтты

Dalanews 22 шіл. 2022 11:13 502

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылынан бастап әр өңірдің өз мектеп формасы болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, алдағы оқу жылынан бастап әр өңірдің оқу-ағарту басқармалары біріңғай мектеп формасын таңдап, бектетін болады.

Бұған дейін оқушылардың қандай мектеп формасын киетінін мектеп ұжымы айқындап келген еді.

Енді бұл үрдіс жойылып, біріңғай мектеп формасын жергілікті оқу-ағарту басқармалары анықтап, ортақ стандарт қалыптастырмақшы.

– Бұған дейін оқушылардың мектеп формасының түсі мен фасонын білім беру мекемелері анықтап, оны қамқоршылық кеңесімен бекітуші еді. Бүгінде елімізде 7,5 мыңнан астам мектеп бар екенін ескерсек, соған сай мектеп формаларының түрі мыңға дейін жеткенін білеміз. Бұл ата-аналар үшін тиімсіз. Балалар бір мектеп келесі мектепке ауысқанда мектеп формасын ауыстыруына тура келуші еді. Жаңа тәртіп бұған нүкте қояды, – деп Асхат Аймағамбетов ойын ортаға салды.


Жаңа тәртіп бойынша алдағы уақытта елімізде мектеп формаларының 20 шақты түрі болуы мүмкін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x