Доллар бағасы өсуде

Dalanews 22 шіл. 2022 10:31 192

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2 теңгеге көтеріліп, 483,88 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 22 шілдедегі ресми бағамы – 482,04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 482,91 теңге, сату – 487,31 теңге.


Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 481,16 теңгеден сатып алынып, 485,31 теңгеден сатылып жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x