"1800 сарбаз...". Орыс әскері соғыстан бас тартып жатыр

Dalanews 22 шіл. 2022 09:16 220

Украина жерінде ұрыс жүргізіп жатқан орыс әскері арасында соғыстан бас тартып жатқан сарбаздардың қарасы көбейе түскен. Қазіргі таңда олардың саны 1793 жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Украинаның ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дәл қазір 234 сарбаз мағанасыз соғысқа қатысудан бас тартқаны үшін Луганск облысындағы Брянка қаласындағы жертөлелерге қамап тастағаны мәлім болды. Осыдан кейін Ресейдегі адам құқын қорғайтын ұйымдар бұл мәселені көтеріп, сарбаздардың ата-аналарымен бірге дабыл қағып жатыр.

Сарбаздардың ата-аналары балаларын әскерилер жарығы жоқ қараңғы жертөлелерге қамап, оларға су мен тамақты дұрыс бермей жатқанын айтып шағымданыды.

Осылайша орыс әскерінің қолбасшылары сарбаздарға тізе батырып, оларды райынан қайтаруға тырысып жатса керек.

Брянка қаласында қамауда отырған 19 сарбазды күні кеше ғана СИЗО-ға алып кеткен. Әзірше оларға қатысты ақпарат жоқ.


Құқық қорғаушалар Ресей әскерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар заң бойынша әскери операцияға қатысудан бас тартуға құқы бар екенін айтуда. Бұл үшін заңда оларды қандайда бір жауапкершілікке тарту қарастырылмаған.

Сарбаздардың мағанасыз соғыстан бас тартып жатқаны жайындағы ақпарат 13 шілдеде белгілі болған. Сол кезде «Свободная Бурятия» қоғамдық қорының вице-президенті Виктория Маладаева ұзын саны 500-ге жететін сарбаздың әскер операцияға қатысудан бас тартып, өтініш жазғанын жеткізген еді.

Ресейдің қарулы күштер соғыстан бас тартқан сарбаздарды үйлеріне қайтарудың орнына – оларды қамап, қорқытып-үркітуге көшкен. Осылайша жағдай ушығуда. Орыс әскері жаппай қарсылық танытатын болса, Кремль айдай әлем алдында абыройдан жұрдай болуы мүмкін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x