Cоңғы жаңалықтар
Back

Украинаға қанша көмек керек болса, соншалықты қолдау көрсетеміз – Столтенберг

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Еуропалментте сөйлеген сөзінде Украинаға қанша көмек керек болса, соншалықты көмек көрсетілетінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Біздер Украинаға қанша көмек керек болса, соншалықты қолдау көрсететін боламыз. Дәл қазір соғыстың қай уақытта тоқтайтынын ешкім тап басып айта алмайды. Бірақ біз окупанттарға қарсы күресіп жатқан украин сарбазы мен халқына көмек көрсетуімізді жалғастыра беретініміз белгілі. Бұдан басқа бұл соғыс Украинаның пайдасына шешілмейінше тоқтамайтыны анық. НАТО-ға мүше елдер Украинаның қорғаныс қабілетін арттыруға барынша көмек көрсетеді, – деді.

Жиын барысында Столтенберг НАТО Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатыспайтынын айтты.  

– Біз Украинаны қолдаймыз, әрі НАТО-ның әріптесі ретінде орнын жоғары бағалаймыз. Бірақ НАТО әскері бұл соғысқа араласпайды, – деді НАТО-ның бас хатшысы.

Тағы оқыңыз:

Қонаев қаласында асық ойнайтын алаңша пайда болды

Ақсу ауданында тауарлы сүт фермаларын көбейту ісі қолға алынды