Мемлекеттік стипендия атауынан Назарбаевтың аты алынып тасталады

Dalanews 04 шіл. 2022 04:57 192

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атын мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия атауынан алып тастауға дайындық жүріп жатыр деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Құжатқа сәйкес, енді Тұңғыш Президенттің стипендиялары мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар деп аталады.

Құжатқа түсіндірме жазбада Жарлыққа түзетулер жобасы мемлекет басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы тапсырмасын орындау үшін әзірленгені атап өтілген.

"Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" атауын "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп өзгерту жөніндегі 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 21-03-12.59 тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді", – делінген президент жарлығының аясында әзірленген жобада.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

https://dalanews.kz/del-qazir/79146-rb-2022-syylygynyng-qorytyndysy-boyynsha-olimpbe

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x