«Алатау» театры гастрөлдік сапарын сәтті аяқтады

Dalanews 01 шіл. 2022 14:42 214

Бұл сапардың Театр үшін тұңғыш рет екенін айта кеткен жөн. Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұлдызбек Жұманбай.

Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры төл өнеріміздің орнын айшықтай түсу, қанатын кеңге жаю мақсатында 2022 жылдың 11-27 маусым аралығында «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылым (2022 – Балалар жылы аясында), «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші, «Әсем әуен мен көркем қимыл» атты сазды би кеші, айтыскер ақын Ринат Заитовтың «Мен сендерді жақсы көремін, адамдар» атты музыкалық кеші, сондай-ақ «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен (премьера) Нұр-Сұлтан, Павлодар, Екібастұз, Семей, Абай және Аягөзге гастрөлдік сапармен баруды жоспарлаған болатын.

Бұл сапардың Театр үшін тұңғыш рет екенін айта кеткен жөн. Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұлдызбек Жұманбай.

Жоғарыда аталған қала, аудандарда ел-жұрт қазақы дәстүрмен шашуларын шашып, ыстық ықыласпен қарсы алып жатты.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Амангелдіұлы, Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Абұйырұлы, «Жастар» театрының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әділ Ахметов, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев, «А. И.» театрының директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева, Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин, Ақын Иранғайып Күзембаев және т.б. таптаурындықтан ада ерекше формаға құрылған театр көрсетілімдеріне жоғары бағаларын берді.

Сонымен қатар театр ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Баталарын берген үлкендер де болды.

«Ескіде қазақтың дәстүрінде ауылға сал-серілер, өнерпаздар келген кезде, базар баяны болатын. Базар ішінде хабар жеткізетін. Біз де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының атынан сол дәстүрді жаңғырту, үлгісін көрсету мақсатында базарда болдық», – дейді Ринат Заитов.


Базарларда Ринат Заитов арнау айтып, Театр өнерпаздары әндерін арнады. Қай базарға барса да, арты суретке түсумен жалғасып, кішігірім концерт атмосферасы сезілді.

Сондай-ақ Ринат Заитов және театр артистері арналар, БАҚ-на сұхбаттарын берді.

Қуаныш Жұмабекұлы


«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x