Санкция? Путиннің немере қарындасы мен олигарх Потанинге шектеу салынды

Dalanews 30 мау. 2022 03:11 271

Ұлыбритания Үкіметі Ресей президенті Валдимир Путинге жақындары мен олигархтарға санкция салуын жалғастыруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Бұл жолы ағылшындардың назарына олигарх Владимир Потанин мен Путиннің немере қарындасы Анна Цивилева ілікті. Владимир Потанин байлығының көлемі бойынша Ресейдегі екінші адам. Ол ірі конгломерат «Интеррос» компаниясы мен «Норильского никеля» кәсіпорынына иелік ететінін білеміз.

Соғыс басталғалы бері Владимир Потаниннің байлығы еселеп өсіп, Путин режимін қолдауды бір сәтке де тоқтатпаған. Сол себепті Ұлбритания билігінің көзіне түсіп қалған. Олигарх соғыс басталғалы бері  «Росбанк» пен «Тинькофф Банктың» акциалыран сатып алғаны белгілі. Осылайша Потанин ағылшындардың ашуын туғызған.

Ағылшындар Путиннің немере қарындасы Анна Цивилеваға да санкция салды. Анна Цивилева Ресейдегі ең көмір өндіретін «Группа Колмар» компаниясына иелік етеді. Ал оның жұбайы Сергей Цивилев көмірге бай Кемеров облысының губернаторы. Осыдан-ақ көп жайтты түсінуге болады.


– Путин билігі Укрианаға ашқан соғысын тоқтатпайынша, біздер Ресейдің әскери күш-қуатын әлсірету үшін экономикалық шектеулерді жалғастыра береміз. Әсіресе Путиннің жақындары мен оған ықпал ететін адамдар нысанағы бірінші ілігетін болады, – деді Ұлыбритания үкіметі көпшілікке тартқан хабарламасында.

28 маусымда АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті де Ресейге салынған санкциясын кеңейткен-ді. Бұл жолы санкцияға 45 заңды тұлға мен 29 жеке тұлға ілікті. Олардың арасында танымал тележүргізуші Тина Канделаки мен Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x