Путин бірлігімізге сына қаға алмады – Урсула фон дер Ляйен

Dalanews 29 мау. 2022 19:44 291

Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Украинаға соғыс ашқан Путин Батыс елдерінің бірлігіне сына қағуды көздеген жоспары  іске аспай, керсінше ЕуроОдақ пен НАТО-ға мүше елдер арасында бірлік нығая түскенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ресей НАТО-ға мүше елдердің арасында жік түсіруді ойлап еді. Онысынан түк шыққан жоқ. Қайта Путиннің Украинаға қарсы басқыншылық әрекеті Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуын жеделдете түсті, – деді Урсула фон дер Ляйен.

Осыған дейін НАТО-ның белді мүшесі Түркия Финляндия мен Швецияның әскери ұйымға мүше болуына қарсылық білдіргені белгілі. Күні кеше ғана Испанияның астанасы Мадрид қаласында өткен Солтүстік атлантикалық одақтың кезекті басқосуында осы мәселе кеңінен талқыланып, Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуына қатысты ортақ шешімге келіп, ұйымға мүше болуына қарсылық танытпайтынын ресми түрде жария етті.


Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүше болғаннан кейін ұйым Ресей шекарасына жақындай түсетіні анық.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x