EXPO ғимараттарының пайдасынан шығыны көп болып тұр

Dalanews 29 мау. 2022 07:00 225

Дәл осыдан бес жыл бұрын елімізде EXPO-2017 шарасы дүркіреп өткен еді. Сол кезде халықаралық көрмені ұйымдастырушалар аталмыш шара үшін салынған ғимараттарды жалға беріп, кеткен шығынды еселеп қайтатынын айтқанын да ұмыта қойған жоқпыз.

Бірақ EXPO көрмесі үшін салынған ғимараттардан анау айтқанда қаржы түсіп жатқан жоқ. Қайта EXPO ғимараттары бюджетке салмақ түсіруде.

Айталық, 2018-2022 жылдар аралғында көздің жауын алатын ғимараттарға иелік ететін QazExpoCongress компаниясы мемлекет бюджетінен 80,4 млрд теңге алған. Өткен жылдың өзінде абажадай ғимараттарды күтіп, баптау үшін қазынадан 18,3 млрд теңге жұмсалыпты.


Арада 5 жыл өтсе де халық EXPO-ның пайдасын көрген жоқ. QazExpoCongress компаниясы 2024 жылы ғана бюджеттен қаржы алмай өз күнін өзі көріп кетеді деген болжам бар. Оған дейін EXPO ғимараттары бюджетке масыл болайын деп тұр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x