Cоңғы жаңалықтар
Back

«Енді Путиннің бопсасына көнбейміз!». Анналена Бербок Кремльге доқ көрсетті

Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок ханым Мадридте өткен НАТО-ның форумында алдағы уақытта немістер өздерін Ресейдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейтінін ашып айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Біз алдағы уақытта Кремльдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейміз. Осыған дейін біздер отын энергетикасы бойынша Ресейге қатты тәуелді болдық. Ресми Мәскеу осыны пайдаланып, орынсыз саяси талаптарын қойып келгені баршаға мәлім. Енді біз Путиннің мұндай бопсасына көнбейміз, – деді Германияның Сыртқы істер министрі.

Өз кезегінде Анналена Бербок Германия Ресейдің мұнайы мен газына тәуелділіктен құтылуы үшін жаңғырмалы энергетикаға қомақты инвестиция салғанын алға тартты. Ол адам құқығы қорғалатын елдерде жаңғармалы энергетиканы дамытуға қолайлы жағдай жасалынғанын да айтты.

Анналена Бербок Жасылдар партиясының өкілі екенін ескерсек, ол жақын уақытта партиялас әріптестерімен тізе қосып, Ресейдің отын энергетикасынан бас таруға күш салатынын байқауға болады. 

– Қазір жершарын экологиялық апаттан құтқару мәселесі күн тәртібіне шығып тұр. Пайдалы қазбаларға деген тәуелділік геосаяси жағдайды күн өткен сайын ушықтырып жатыр. Ал жаңғырмалы энергия көздері энергетикалық еркіндікке бастайды, – деді Анналена Бербок.

Тағы оқыңыз:

«ҚазМұнайГаз» үздіктерге жол ашады

«Елтаңба қоқыста жатыр». Мемлекеттік рәмізді қорлағандарды тауып, жазалу керек!

 

Маңғыстауда жыл басынан бері 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Sarap? Ел дамуына эксперттік клуб керек

Қаржы пирамидасы? Енді алаяқтарға 9,1 млн айыппұл салынып, 12 жылға дейін сотталады

Құрылтайда елдің мұң-мұқтажы, халықтың тілегі айтылуы тиіс – Дархан Қыдырәлі