Cоңғы жаңалықтар
Back

Джо Байден орыс алтынына эмбарго жарияламақ

АҚШ президенті Джо Байден «Үлкен жетілікке» мүше елдерді Ресейдің алтынына эмбарго жариялауға көндірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Алдағы күндері Германияда G7 елдерінің кезекті самиті өтеді. Басқосуда Ресейдің алтынына санкция салынатын болды.

Осылайша Ресейден тасымалданатын алтынға алғаш рет санкция салынбақшы. Қазіргі таңда АҚШ-тың Қаржы министрлігі жаңа санкцияны әзірлеу үстінде. Олар Ресей алтынын шектеуге қатысты шектеулерінің жай-жапсарын алдымыздағы бейсенбі күні жария ететін болады.

Осыған дейін салынған санкцияларда Ресей алтынын Батыс елдеріне экспорттау ісін қиындатқаны белгелі. Нәтижесінде Лондон мен Нью-Йорктегі сауда орындарын орыс алтынын саудалаудан бас тартқан-ды.

Енді тек алтынға арнап санкция салынатын болса, Ресейдің алтын өндіруші компаниялары ауыр соққы болатыны анық.

Бүгінде Ресей дүниежүзіндегі алтын өндірісінің 10%-ын құрайтынын ескерсек, бұл бағытта Кремльдің жағдайы қиындай түсетінін байқауға болады.

Тағы оқыңыз:

Түркия электромобиль өндірісін дамытуға білек сыбана кірісті

2030 жыл? Дәл осы жылы Ұлттық қордағы қаржы таусылуы мүмкін