«Байрақтар Ақынджы B» ұшағы биікті ұшу бойынша реккордты жаңартты

Dalanews 24 мау. 2022 04:17 309

Bayraktar AKINCI B (Байрақтар Ақынджы) ұшқышсыз басқарылатын ұшағы жоғары биктітікте ұшу бойынша реккордтық нәтижеге қол жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Анадолы сайтына сілтеме жасап.  

22 маусым күні 750 аттың күші бар Bayraktar AKINCI B ұшағы 13 716 метерге (45 118 фут) биіктікке көтеріліп, реккорддық нәтижеге қол жеткізген. Осылайша түрік ағайындардың әскери ұшағы үшінші рет реккордты жаңаратып отыр.

Шорлы әскери әуежайында өткен сынақ кезінде Bayraktar AKINCI B 20 сағат 23 минут ұшып, реккордтық нәтижеге қол жеткізіп, дін-аман оралған.

Естеріңізге саламыз 450 аттың күші бар Bayraktar AKINCI ұшағы 2021 жылы 8 шілдеде 38 039 фут биіктікке көтеріліп, алғаш рет реккордтық нәтижеге қол жеткізген еді.

Ал Bayraktar AKINCI B 2022 жылдың 11 науырыз айында 40 170 фут биіктікке көтеріліп, екінші рет жоғары нәтижеге қол жеткізген-ді. Енді араға екі ай салып, Bayraktar AKINCI B тағы да реккордты жаңартты.


Осы ретте соңғы сынақ кезінде Bayraktar AKINCI B 6406 шақырым қашықтыққа ұшып, ұзақ ұшатынымен де көзге түсті.

Қазіргі таңда Bayraktar компаниясы 4 елге ұшақ сату бойынша келсім-шартқа қол қойған. Ал Bayraktar TB2 SİHA ұшағын 22 ел сатып алған. Бүгінде Bayraktar компаниясы Түркияның әуе-ғарыш саласына 664 млн доллар пайда келтірген көшбасшы компанияға айналып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x