ITeachMe жастар үшін жаңа мүмкіндікті ашты

Dalanews 20 мау. 2022 10:20 302

Нұр-Сұлтан қаласында  ITeachMe қоры алтыншы маусымының офлайн-лагерін ұйымдастырды. Шараға қордың серіктестері мен БАҚ өкілдері қатысты.  

IteachMe – бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Шеврон" компаниясымен серіктестікте "ITeachMe" қоғамдық қорымен жүзеге асырылатын жоба. Жоба мүгедектігі бар жастарға Графикалық дизайн, SMM және Копирайтинг, UI/UX және Motion дизайн, Mобилография сияқты заманауи цифрлық дағдыларды үйренуге көмектеседі.

Олар қаржылық кірісті арттыруға мүмкіндік бере отырып, кәсіби әлеуетті іске асыруға ықпал етеді.

Бір ай ішінде Қазақстанның 15 қаласында мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ жастар арасында іріктеу кезеңі өткізілді, оның ішінде колледждер мен ЖОО студенттері болды. ITeachMe командасы Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Семей, Өскемен, Теркестан, Кентау, Есік, Талдықорған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Орал, Қостанай қалаларына барды.

Іріктеу кезеңдеріне 1500-ден астам адам қатысты және кез-келген сайыстағыдай ең мықтысы жеңіске жетті. ITeachMe алтыншы маусымының қатысушылары тек 200 қатысушы бола алды, олардың алдында жастар офлайн лагеріне қатысу күтіп тұр, ал одан әрі онлайн оқу болады.

ITeachMe офлайн-лагерінде қатысушыларға кәсіби курстарда одан әрі екі айлық онлайн оқыту барынша пайда әкелуі үшін қорқыныштан арылуға, өз қабілеттеріне сенім артуға және күш-қуатқа ие болуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға аккредиттеу 2022 жылғы 19 маусымға дейін телефон арқылы жүргізіледі +7 702 286 27 16 – Пономарева Светлана.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x