Украинаның жеңіске жетуі үшін 40 ел көмек көрсетуде – Блинкен

Dalanews 16 мау. 2022 07:34 240

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаны окупанттардан қорғау үшін дүниежүзінің 40 елі көмек көрсетуін жалғастыратынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– АҚШ-тан басқа тағы 40 ел Украинаның әскери әлеуетін арттыру үшін қолдау көрсетуде. Осылайша біздер Украинаның майдан даласында жеңіске жетіп, алдағы уақытта келіссөздерде өз талаптарын батыл қоюына жол ашатын боламыз, – деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкен.

Осылайша Америка Украинаның территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтауға мүдделі екенін білдірді.

Ресей әскері Киев үшін шайқаста ойсырай жеңіліп, енді Украинаның оңтүстік-шығысын басып алу үшін жанталасып жатқаны белгілі.

Өз кезегінде Блинкен Ресейді әлсірету үшін АҚШ пен өзге елдер ауыр санкциялар салып, экономикалық мүмкіндігін шектеп жатқанын да алға тартты.


Күні кеше ғана АҚШ президенті Джо Байден Украин әскерін қолдау мақсатында құны 1 млрд доллар болатын әскери көмекке қол қойған болатын.

Ал АҚШ-тың Бас штабының басшысы, генерал Марк Милли кеше Брюссельде өткен кездесуде маусымның аяғына дейін Украинаға алыс қашықтағы нысанды жоятын зымыранды кешен (РСЗО) жеткізілетінін алға тартты. Осы қарудың пайдалану үшін Украинаның 60 сарбазы қазір оқу-жаттығудан өтіп жатыр екен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x