Маңғыстауда шомылу маусымы басталғалы бері 6 адам суға кетті

Dalanews 14 мау. 2022 16:29 146

Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында суға шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша мәселелер, сондай-ақ биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазғы маусымда орын алатын мәселелердің бірі – тұрғындардың суға шомылу кезінде сақтық шараларын дұрыс сақтамауы. Соның салдарынан жыл басынан бері Маңғыстау облысында 6 адам суға кеткен, оның ішінде бір жасөспірім бар.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға шомылу орындарында құтқару құралдарын орнатуды және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Суға шомылуға қауіпті және тиым салынған аймақтар  Ақтау қаласының 4-шағын аудандағы «Каспиан Ривьера» қонақ үйінен М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін 5-шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінің түсуімен ұзындығы 300 метр және ені 20 метр болатын шомылуға тыйым салынған учаскемен белгіленген.


Бұл аймақтарда құтқару шеңбері, Александров соңы және желеті бар құтқару қалқандары орнатылған. Алайда, құтқару құралдары кейбір жауапсыз азаматтардың тарпынан бүлініп жатыр.

Биыл облыста 7563 түлек орта білімді аяқтады. Алтын белгіге үміткер 180 түлектің 174-і мемлекеттік емтиханның нәтижесімен өз білімін растады.

Биыл республикалық білім грантымен қоса Маңғыстау облысының түлектері үшін қосымша 6000 білім гранты, жергілікті бюджет есебінен 175 білім гранты бөлінді. Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша қазіргі таңда облысымызда 229 педагог жетіспейді.

– 2022-2023 оқу жылында облыста 1800 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі. Ашылғаннан кейін 2 мектепке 240-тан астам педагог қажет етіледі. Осы мәселелерді шешуде жүргізілген талдауларға сәйкес биыл 1300-ден астам облыс түлектері педагогикалық мамандықты аяқтайды деп күтілуде, – деді Динара Жұмашева.


Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға білім гранттарын бөлу барысын бақылауды, сондай-ақ мектептерді күрделі жөндеу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді қадағалауды тапсырды.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x