Cоңғы жаңалықтар
Back

«BI Group-тың басына бұлт үйірілді». Аурухана мен мектептің құнын қолдан көтерген

Айдын Рахымбаев басқаратын BI Group компаниясы ковидке қарсы госпиталдар мен мектептер салғанда мемлекеттің біраз қаржысын қолды қылғанын тиісті орындар анықтады, – деп хабарлайды Protenge телегармм каналы.  

Қаржы министрлігінің аудиторлары Рахымбаевтың компаниясын мұқият тексергенде бес госпитальді салу кезінде өрескел қаржылық заң бұзушылыққа барғанын анықтапты.

Пандемия кезінде BI Group компаниясы еліміз бойынша ковидке қарсы ауруханаларды салғаны белгілі. Госпитальдерді салу үшін мемлекет тарапынан сол кезде 74 млрд теңге бөлінген-ді.

Рахымбаевтың компаниясын Қаржы министрлігінен бөлек Есеп комитеті де тексеріп, BI Group компаниясы білім ошақтарын қымбатқа салғанын анықтапты.

Телегармм каналға кіріңіз!

Мемлекет ковидке қарсы модульді аурухана салуға 573 млн теңгеге бөлген. Құрылыста істі жоспарлау ісімен айналысқан BI Group-тың еншілес компаниясы мемлекет белгілеген бағаны біраз жоғарлатып қойғаны мәлім болды.

Айталық, 2020 жылы еншілес компания бір модульдің бағасын 14,4 теңге бағаласа, өндіруші зауыттар бір модульді 2,9 млн теңгеден сатқан. Осылайша BI Group-тың еншілес компаниялары бір модульдің бағасын бірнеше есе көтеріп, қыруар пайда тапқан.

Соңғы жылдары BI Group компаниясы қожайыны BINOM Schools мектебін салып, жастардың білім алуына көңіл бөлгенін білеміз. О баста BI Group BINOM Schools мектептерін мемлекетпен бірлесіп салған болатын. Сол кезде бір мектептің құны 4,9 млрд теңгеге бағаланған-ды.

Аудиторлардың тексерісінен кейіннен BI Group компаниясы Бюджет кодексін бұзып, бағаны өзгерткені мәлім болды. Нәтижесінде бір мектепті салу құны 63%-ға жоғарлап, 7,9 млрд теңгені құраған.

Осылайша BI Group аурухана мен мектеп салуда бюджет қаржысына аямай қол салғаны анықталды.

Тағы оқыңыз:

Президент «латын қаріптен бас тартамыз» деген жоқ. Бұл жалған сөз – Анар Фазылжан

Қайрат Сатыбалды Шығыс Қазақстаннан алтын ұрлап, салафиттерге таратқаны рас па?

Күйеубала иелік еткен газ зауыты мемлекет меншігіне өтеді

Украина vs Ресей? Зеленский соғыстың қалай аяқталатынын айтты

Сайрам ауданынан 13 отбасы Солтүстікке көшуге ниет білдірді

«Қазақша сөйлеңіздер!». Жетісудың жаңа әкімі шенділерге талап қойды

Cарыағашта астық ору науқаны басталды