Депутаттар вакцинаны несиеге алуға қарсы шықты

Dalanews 08 мау. 2022 03:31 268

Азия даму банкінен COVID-19-ға қарсы вакцина сатып алу үшін 12,5 млн долларға займ туырлау жөніндегі келісім жобасы Жоғарғы Кенештің қарауына түсті.

Парламент депутаттары келісім құжатын 6 маусымда әлеуметтік саясат жөніндегі комитет жиналысында талқылады. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нүрийла Шериеваның мәлімдеуінше, вакцинаны 2024 жылға сатып алу көзделген. Қазір Қырғызстанда вакцинаның 2,5 млн дозасы бар, солардың 1,5 млн данасының жарамдылық мерзімі биыл шілде айында бітеді.

Алайда депутаттар келісімге қарсы шықты. Айбек Маткеримов вакцина сатып алғаны үшін денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшенәлиев тергеу изоляторында отырғанын еске салды.

– Осынша вакцинаның мерзімі өтіп жатқанда, несиеге вакцина сатып алудың не қажеті бар? Несиені пайызымен қайтару керек болады. Сіздер қолыңыздағыны пайдаланып үлгере алмай жатсыздар, – деді депутат Жылдыз Садырбаева.


Парламент депутаттары несие келісімін қарауды келісі жиналысқа қалдырды.

2 маусымда денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшенәлиев пара алды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды.

Құзырлы орган мәліметінше, елде вакцина бар бола тұра, министр 1,5 млрд сомды вакцина сатып алуға аударуға тапсырма берген, бірақ қаражат офшордағы аймаққа түскен. Бас прокуратура министрдің үстінен барлығы жеті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x