Қазақ тілі мәңгілік өлмейтін статусқа ие болды

Dalanews 08 мау. 2022 03:16 295

Қазақ тілі енді ешқашан өлмейтін болды және барлық дағдарысты еңсеріп шықты. Себебі, әлемдік бизнес процесстерде қазақ тілін елеу, санасу трендтері басталып келеді.

Apple өзінің IOS операциялық жүйесіне қазақ тілін системалық тіл қылып енгізуде. АҚШ ішкі жалпы өнімінің 6 пайызын беріп отырған Apple әлемде Saudi Aramcoдан кейінгі ең қымбат компания.

Ал Iphone – ең атаулы смартфон. Қазақ тілінің оған ілінуі – оның болашағына деген халықаралық сенімнің белгісі.


Жалпы, мамыр-маусым айлары қазақ тіліне көптеген жақсы жаңалықтар алып келді. Apple-ді айттық, одан бөлек, Nickelodeon қазақшаға ауысты.

Қазақтілді коммуникация маманы болғандықтан, биылдан бастап тілі қазақшаланбаған көптеген әлемдік ірі бренд, компаниялар тарапынан меннен кеңес сұрау, аудиторияның ерекшеліктерін білуге деген сұраныстар көбейді. Сондықтан, тренд дегенде – мен шынымен де көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсемді айтып отырмын.

Айбар ОЛЖАЙ, журналист

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x