Байбекке тықыр таянды. Оған іздеу жариялануы мүмкін - журналист

Dalanews 07 мау. 2022 09:26 194

Алматының экс-әкімі, бұрынғы Nur Otan-тың тұсында Назарбаевтың оң қолы болған Бауыржан Байбекке іздеу жариялануы мүмкін. 

Бұл туралы белгілі журналист Денис Кривошеев өзінің әлемжелідегі парақшасында жазды.

«Жуыр арада Бауыржан Қыдырғалиұлы есімді азаматқа халықаралық іздеу салынады деген сыбыс шықты. Соған қарағанда қажылықтың ұзаққа созылатын түрі бар. Байбектің өзі ғана емес, жұбайынан да жауап алынуы мүмкін. Бірақ ол ресми түрде декреттік демалыста», – делінген екен жазбада.

Бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Бұған дейін, экс-президент Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғасын, наурыздың аяғына таман Бауыржан Байбек Берлинге бас сауғалады деген ақпарат тараған-тұғын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x