Мақсатымыз 10 000 астам білікті IT-мамандарын дайындау – Арман Сүлейменов

Dalanews 06 мау. 2022 09:57 197

6 маусым күні Алматы қаласында nFactorial School мектебінің «Шеврон» компаниясымен және ITeachMe қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Satpayev University қолдауымен IT-мамандарын даярлайтын жазғы мектептің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz ақпараттық агенттігі. 

Тегін жаздық мектепке бағдарламалау бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам қатысушы келді. Ашылу салтанатында Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, «Шеврон» компаниясының өкілдері мен қазақстандық және халықаралық компанияларда жұмыс істейтін nFactorial School мектебінің түлектері қатысты.

Аталған іс-шараны nFactorial School мектебінің негізін қалаушы,  pinemelon.com америкалық стартапының басқарушы директоры, IT-кәсіпкер, Болашақшы және Принстон университетінің түлегі Арман Сүлейменов ұйымдастырды. Арманның білім беру жобалары 2015 жылдан бері 650-ден астам қазақстандық IT-маманын дайындап шығарған болатын.

Жас IT-кәсіпкердің айтуы бойынша, nFactorial School миссиясы – 10 000 жоғары білікті IT-маманын дайындау және бүкіл әлемде жүз миллиондаған адамға «Made in Kazakhstan» таңбасы бар бағдарламалық жасақтама өнімдерін ұсына отырып, Қазақстанды әлемнің «технологиялық» қартасында таныстыру.


«Еліміздегі IT мамандарының санын көбейту үшін мемлекет бұл саланы жастарға мектеп кезінен оқыту керек деп ойлаймын. Яғни бағдарламалауды тек жоғарғы оқу орындарында ғана оқытпай, мектеп бағдарламасына да енгізсе жастардың бұл салаға деген қызығушылығы артып, IT  мамандарының саны біршама көбейетін еді. nFactorial-дағы 3 ай ішінде қатысушылар веб-бағдарламалау және дизайн негіздерін үйренеді. Оқу барысында қатысушыларға Meta, Google, Apple, Amazon, Reddit, Deepmind, Stripe сияқты технологиялық алып компанияларда және ТМД елдерінің ірі IT компанияларында жұмыс істейтін nFactorial School түлектері тәлім беріп, IT өнімдерін халықаралық нарыққа шығару және ақшалай пайда әкелу жолдарын таныстырады»,-деді Айдар Нұғыманов.

Білім және ғылым министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, IT білім беру жобалары мемлекеттің дамуында маңызды стратегиялық және әлеуметтік рөл атқарады.

«Президент Тоқаев айтып өткендей, біздің елімізге жас, білімді және ынталы кадрлар қажет және елдің барлық аймағынан келген 200 дарынды жасқа арналған жазғы бағдарламалау мектебі 10 000 жоғары білікті IT- маманды әзірлеу жолындағы тағы бір қадам», - деді мектептің ашылу салтанатында сөз алған вице министр.

Шараның бас демеушісі «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова ЖОО-да мұндай пайдалы іс-шараларды көбірек өткізу қажеттігін, жастардың талпынысы мен қызығушылығының зор екендігін атап өтті.

Ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «Қазіргі заманда бәсекелестіктегі басым бағыттардың бірі цифрландыру. Қазақстан үшін де заманауи цифрлық техонологияны енгізу мен қолдану маңызды. Осы орайда біз шетелдік серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Соның ішінде отандық IT секторды ілгерілетуді де ұмытпаған жөн.

Цифрландыру туралы ұлттық жоба аясында кем дегенде 100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеуіміз керек. Экспорттық және цифрлық сала бойынша тауар қызметі 2025 жылға қарай кем дегенде 500 млн АҚШ долларына жетуі тиіс. Мемлекеттік секторды цифрландыруда осы және өзге де міндеттерді қайта қарастыру қажет»-деп атап өткен болатын.


Жазғы жобаны ұйымдастырушылардың мақсаты да IT саласында үздік мамандарды әзірлеу. Жоба нәтижесінде қатысушылар  150-ден астам қазақстандық өнім әзірлейді және ең үздіктері инвесторлар мен кәсіпкерлерге стартап презентация ретінде ұсынылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x