Ағылшындар Укрианаға M270 реактивты жүйесін беретін болды

Dalanews 06 мау. 2022 05:17 302

Ағылшындар Украинаға M270 реактивты дүркіндетіп ату жүйесін беретін болды. Оккупанттарға 80 шақырым қашықтықтан соққы беретін қаруды бертендерін Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Украинаға қарау-жарақпен көмек көрсетуі Ресейдің әскери тактикасына байланысты өзгеріп отыратынын алға тартты.

– Қашықтан соққы беретін М270 реактивті қаруы Украина қалаларын алыстан атқылап, қиратып жатқан орыс әскеріне қарқынды тойтарыс бере алады, – деді Бен Уоллес.

Осы ретте ағылшындардың M270 жүйесін беруді АҚШ тарабы да қолдағанын айта кетуіміз керек.


Өйткені қарудың дәл осы түрін американың компаниялары өндіретіні белгілі. Сондықтан ағылшындар үшінші елге аталмыш қаруды  АҚШ-тың келісімімен ғана бере алады.

Батыс елдерінің Украинаға қуатты қарулар беруі Путиннің шымбайына батқаны анық. Күні кеше ғана ол Батыс елдері Украинаға қашықтан соққы беретін қаруларды беруін тоқтатпаса, жаңа нысандарға соққы беретінін айтып, қорқытқан-ды.

Бірақ Украинаны одақтастары Путиннің қоқан-лоқысына мән берген жоқ. Таяуда АҚШ Украинаға көресететін 700 млн долларлық әскери көмегіне ішіне HIMARS зымырандар кешенін енгізген болатын. HIMARS украин сарбаздарының қолына тиетін болса, оккупанттарға айтарлықтай тойтарыс беретіні анық.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x