Лавровтың Сербияға итшілеп әрең жеткені мәлім болды

Dalanews 06 мау. 2022 03:14 275

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сербияға барған сапарында Еуропаның үш елі әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салып, Лавровтың жүріп-тұруы қиындап кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сергей Лавров Сербияға жасаған сапарында президент Александр Вучичпен кездесуі керек еді.

Лавров мінген ұшақ Мәскеуден шыққан бетте Черногория, Солтүстік Македония мен Болгария Ресей министрі мінген ұшақты өз әуе кеңістігін пайдаланбауын ескерткен. Осылайша ойламаған жерден Лавров қиын жағдаймен бетпе-бет келді.

Бұдан кейін бұл іске Сербияның президенті Александр Вучич араласып, істің түйінін тарқатуға мәжбүр болған.


Өз кезегінде Сербия президенті де Лавровтың сапары кезінде күрделі мәселелер туындағанын жасырмай айтты. Бірақ ол мәселенің тігісін қалай жатқызып, реттегенін жайында ләм-лим деп тіс жарған жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x