Референдум-2022: елорда учаскелерінде сайлаушылардың қатары қалың

Dalanews 05 мау. 2022 13:04 399

Таңертеңнен бастап елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындарының белсенділігі жоғары екені байқалады. Сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіру және референдумда дауыс беру үшін кезекке тұрды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы сайлау учаскелерінде қала тұрғындары Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдау немесе оған қарсы дауыс беру үшін кезекте тұр. Демалыс күніне қарамастан барлық учаскелерде сайлаушылардың көптігі байқалады.

Нұр-Сұлтанда таңғы сағат 7-ден бастап 348 учаске жұмыс істейді, оның 248-і – ашық, 35-і – жабық, тағы 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x