Алматыда ІТ саласының қыр-сырын үйрететін жазғы мектеп ашылады

Dalanews 03 мау. 2022 14:18 121

NFactorial School «Шеврон» компаниясымен және ITeachMe қоғамдық қорымен бірлесіп, Сәтбаев университетінің қолдауымен Қазақстан мен Қырғызстаннан 200 қатысушыға арналған тегін бағдарламалау жазғы мектебінің ашылуына шақырады.

Жазғы мектептің салтанатты ашылуы 6 маусым, дүйсенбі күні Сәтбаев университетінің Досым Сүлеев атындағы залында өтеді. Басталуы сағат 09:00-де.

Шараны nFactorial мектебінің негізін қалаушы, американдық pinemelon.com стартапының басқарушы директоры, IT-кәсіпкер, болашақшы және Принстон университетінің түлегі Арман Сүлейменов ашады.



Ашылуда студенттерді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов, «Сәтбаев» университетінің басқарма төрағасы және ректоры Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев, «Шеврон» компаниясының өкілдері, сонымен қатар қазақстандық және халықаралық жетекші компаниялардың бағдарламашылары қарсы алады.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]
nFactorial жазғы мектебі 200 жас бағдарламашыларды оқытуға бағытталған.[/perfectpullquote]

Жобаның нәтижесінде қатысушылар 150-ден астам қазақстандық өнімді әзірлейді және олардың іріктелгендері инвесторларға, кәсіпкерлерге, рекрутерлерге, журналистерге, профессорларға, бағдарламашылар мен дизайнерлерге ұсынылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x