«Түркияның алғашқы ғарышкері 2023 жылы ұшады». Ердоған жастарға ғарышты зерттеп, игеруге үндеді

Dalanews 02 мау. 2022 15:13 279

Анкара қаласында Түркия лицейлеріндегі ғылыммен айналысатын зерттеушілерді марапаттаудың салтанатты шарасы өтті. Шараға қатысқан Реджеп Тайып Ердоған Түркия қазір ғарышты игеру ісіне баса көңіл бөліп отырған елдердің қатарына қосылғанын алға тартып, жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мемлекет барынша жағдай жасайтынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аламыш шара Анкара қаласындағы президент кешенін де Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер кеңесінің бастамасымен өткенін айта кетуіміз керек.

Ғылыми ортамен кездесуде Ердоған қазіргі таңда ғарышты игерудің қаншалықты маңызды екенін жиналған қауымға айтып, түсіндірді.

Ол Түркияның алғашқы ғарышкері 2023 жылы көкке көтерілетінін алға айтты.


Өз кезегінде Ердоған үстіміздегі жылдың 23 маусымға дейін ғарышқа ұшқысы келген талантты жастардан өтініш қабылдау аяқталатынын айта келе, «Түркияның тұңғыш ғарышкер ортамызда отыруы мүмкін» деп жастарды ғарышты зерттеп, игеруге белсенді түрде араласуға шақырды.

Бүгінде 35 мың түрік азаматы ғарышқа ұшуға қатысты өтінішін беріп қойған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x