Жазда Қазақстанға ағылатын ресейлік туристердің саны артады

Dalanews 02 мау. 2022 05:39 330

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» және «Visit Almaty»  туристік ақпараттық орталығы бірлесе отыра 23-27 мамыр аралығында Ресейдің бес қаласында еліміздің мәдениеті мен туристік әлеуетін таныстыруға арналған роуд-шоу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан туроператорлары алдымен Омбы қаласының жергілікті туризм өкілдерімен кездесіп, Новосібір, Екатеринбург, Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларында еліміздің туристік дестинацияларымен кеңінен таныстырды.

Кездесу форматына сәйкес ресми таныстырылымнан соң екі жақ туристік өкілдерінің B2B сессиясы өтті. Аталған шара барысында туроператорлар  бірлескен жобалар құру мен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін келіссөздерге қол қойды.

Сондай-ақ, Новосібір қаласында «Almaty Visit» туристік ақпараттық орталығы мен Новосібір өңірлік дамыту орталығы арасында меморандум жасалды.

– Қазақстан бір үшін әрқашан қызықты бағыттардың бірі болған. Бүгін біздің туроператорлар сіздер ұсынған туристік өнімдер туралы көп ақпарат алды. Тау-шаңғы курорты мен Түркістан қаласы есімізде ерекше сақталды. Жасалған келіссөздер өз нәтижесін береді деп сенемін, – деді Алексей Низковский, Новосібір өңірлік дамыту орталығының директоры.


5 күнге созылған шарада қазақстандық туроператорлар 150 ден астам ресейлік сала мамандарымен кездесті. Мұнда Қазақстандық турөнімге қызығушылық танытып, оны Ресейде ілгерілетуге дайын мамандар жиналды. Бұл кездесу нәтижесінде келіссөздер жүргізуге, серіктестік орнатуға сеп болды.

– Мұндай роуд-шоулар арқылы біз нарықта сыртқы туризм бағытында жұмыс істейтін, қазақстан өніміне қызығушылық танытқан әріптестерімізбен нәтижелі әрі пайдалы кездесулер жүргізе аламыз. Кездесу барысында жаңа серіктестер тауып, серіктестік шарттарын бірден талқыладық. Өз өнімдерімізбен кеңінен таныстырып, алдағы жұмыстарымызды жоспарладық, – деді Асем Козбагарова, қазақстандық туроператор.

Аталаған роуд-шоуды «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» жыл соңына дейін Доха, Дубай, Сеул, Манама, Эр-Рияд қалаларында ұйымдастыруды жоспарлаған. Айта кейтейік, шараның мақсаты – Қазақстан турисік дестинациясын әлемге таныту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шетелдік туристер легін арттыру болып табылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x