Мүлік иелері бірлестігі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын қаншалықты реттейді?

Dalanews 16 там. 2022 04:10 194

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілген реформалар ТМД елдері арасында жоғары бағаланған болатын. Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттейтін заң 1997 жылы қабылданған еді. Міне, содан бері бұл заң коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелерді реттеп келді. Заман көші алға жылжыған сайын қоғамдық қатынастардың дамитыны белегілі. Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын реттейтін жаңа заң қабылданып, коммуналдық шаруашылық саласында үлкен өзгерістер орын алды.

Кез келген заң уақыт өткен сайын өзінің маңызын жоғалтады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын реттейтін заң 1997 жылы қабылданып, 20 жылда оған 60 рет түзетулер мен толықтырулар енгізіліпті. Соңғы жылдары бұл заңды түзете бергеннен коммуналдық шаруашылық саласының көсегесі көгермейтіні белгілі болғаннан кейін құзырлы орындар жаңа заңды әзірлеп қабылдауға мәжбүр болды. Жаңа заңды қабылдауға сала мамандарынан құралған арнайы комиссия жұмыс істеп, заңнаманы әбден пісіргенін айта кетуіміз керек.

Жаңа заң бойынша елімізде Пәтер иелері коперативтерінің орнына Мүлік иелері бірлестігі құрылды. Қазіргі таңда көпшілік қауым ПИК-тердің орнына құрылып жатқан Мүлік иелері берлестігінің не үшін құрылғанын түсінбей жатқаны жасырын емес. Осы ретте Dalanews.kz ақпарат агенттігі жаңадан құрылған Мүлік иелері берлестігінің қызметі жайында аз-кем мағұлмат бере кеткенді жөн санап отыр.

Соңғы жылдары еліміз бойынша Пәтер иелері коперативтерінің үстінен шағымданған тұрғындардың қарасы арта түскені белгілі. Осылайша көпшілік арасында ПИК деген атауға ие болған ұйым өзінің маңызын төмендеді. ПИК-тердің жұмысы қожырағаннан кейін елімізде көппәтерлі тұрғын үйлерді тозуы жыл өткен сайын арта түскені жасырын емес.

ПИК-тер бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болды. Бірақ тұрғындар тарапынан жиналатын тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бір есеп шотқа түсіп отырды. Осыдан кейін дау-дамай үдей түскені белгілі.


ПИК-тер қай үйге болашақтағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үгін қанша қаржы жинақталғанын есептей алмайтын күйге түсті.

Кейбір тұрғында болашақта жүргізілетін күрделі жөндеу үшін ақша төлесе, енді бірі бұл ақшаны мүлде төлемеді. Осыдан кейін тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге қажетті қаржат дұрыс жиналмады. Қай үйге қанша ақша жиналғаны белгісіз күйінде қалды. Осыдан кейін тұрғындар ПИК-тердің жұмысына наразылығын білдіріп, жергілікті билік орындарына шағымдана бастағаны болатын.

Ал жаңадан құрылған Мүлік иелері бірлестігі осы қателікті қайталамау үшін әр үйге жеке есеп шот ашып жұмыс істейді. Сонымен қатар мұндай бірлестіктердің жұмысын тұрғындардың бақылайтын тетік қарастырылған. Тұрғын үй иелері болашақтағы күрделі жөндеуге жұмсалатын ақшаның көлемін өздері де білгілеп отырады. Мұндай жағдайда тұрғындар мен Мүлік иелері бірлестігі арасында дау-дамайда туындамайтыны белгілі.

Осы ретте Dalanews.kz ақпарат агенттігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қолға алынған жаңашылдықтар тұрғындар мен бірлестіктер арасындағы байланыстың ашықтығын қамтамасыз ететінін айтықымыз келеді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x