Қаңтар оқиғасы Челахтың үмітін жақты

Dalanews 01 мау. 2022 11:56 247

Владислав Челахтың туыстарының айтуынша, істі қайта қарау үміті Қаңтар оқиғасынан кейін пайда болды. Оның ішінде жоғары лауазымды шенеуніктердің тұтқындалуы және қазіргі президенттің «Жаңа Қазақстан» құру ниеті жағдайға әсер еткен, – деп хабарлайды 7kun.kz «Радио Азаттык-қа» сілтеме жасап.

Осы жылдың наурызында Челах Қасым-Жомарт Тоқаевқа 12 беттен тұратын кешірім хатын жолдаған. Онда ол өзі көрген және бастан кешкен жайттарды сипаттап, сотта айтуға рұқсат етілмеген нәрселерді жазған.

Челах істі қайта қарауды сұрайды. Туыстары да президентке, Бас прокуратураға, Жоғарғы сотқа және Парламентке өтініш жазған. Алайда нақты жауап жоқ.


Айта кетейік, 2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам, оның ішінде 14 әскери қызметкер мен сол маңдағы қорықшы өлтірілген. Бұл қылмысқа қатардағы жауынгер Владислав Челах айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

2013 жылдың наурызынан бастап Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы «Қара бүркіт» деп аталатын түрмеде отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x