Алматы метросының пойыздары 15 минутқа тоқтап қалды
422
Алматы метросындағы Жолаушылар пойызы станциялар арасында 15 минутқа тоқтап қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы метрополитені пойыздардың бірімен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
– Техникалық себептерге байланысты Алмалы және Абай станциялары арасындағы тоннельдегі пойыз тоқтады. Пойыз 15 минутқа тоқтап қалған. Себептері анықталып жатыр, қосымша ақпарат хабарланады. Пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтіріліп жатыр, – делінген хабарламада.