Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына бағыштап Құран оқытты

Dalanews 31 мам. 2022 04:21 261

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоаев елордадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты. Бұдан кейін Президент «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Борт №1 Телеграмм каналына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті.



Іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x